423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда жұртты коронавирустан алдын ала емдеген алаяқ ұсталды

  • 532
  • UPD: 23:10, 16.07.2020

Атырауда лицензиясыз әрі дәстүрлі емес медицинамен айналысқан азамат анықталды. Полиция қызметкерлері қылмыскерді қала орталығындағы ғимараттардың бірінде қолға түсірген.

Күдікті коронавирус инфекциясының алдын алу, яғни «профилактикалық пайдасы бар» деп, аңқау жұртты емдеген көрінеді. Сондай-ақ ғимараттың екінші қабатынан  ешқандай санитарлық нормаға сай келмейтін стационар ашқаны да анықталды. 

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Полиция қызметкерлері тексеру кезінде, төменгі қабаттан жарамдық мерзімдері асып кеткен 2500-астам дәрілік өнім тауып, тәркіледі. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы