427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық үш боксшы жол апатынан қаза тапты

  • 786
  • UPD: 17:14, 17.07.2020
Қазақстандық үш боксшы жол апатынан қаза тапты

Атырау облысы құрамасының боксшылары Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатынан қаза болды.

«Атырау боксында орны толмас, ауыр қаза. Үш бірдей болашағынан үміт күттірер жас боксшымыз, облыс құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатына ұшырап, мезгілсіз қаза болды. Атырау бокс федерациясы марқұмдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», - делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.

Рахметолла, Нұрымов пен Тельманов 2000 жылы дүниеге келген спортшылар еді. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы