420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды

  • 271
  • UPD: 21:52, 17.07.2020
Павлодар облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды

Павлодар облысы әкімдігінің басқарма басшысы мемлекет бюджетін жымқырды деген күдікке ілікті, хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Облыстағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, мемлекеттік қызметші мердігер ұйымның іс жүзінде атқармаған жұмысын атқарды деген актіге қол қойып, 2,6 млн теңге болатын бюджет қаражатын жымқырмақшы болған. Тергеу амалдары туралы өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Хабар 24 телеарнасы