421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада екі жігіт суға кетті

  • 297
  • UPD: 11:54, 18.07.2020
Қызылордада екі жігіт суға кетті

Қызылорда қаласында 22 және 23 жастағы екі жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға «ПМК-29» саяжай аумағындағы Қалғандария көлінде болған. Екі жігіт 17 шілдеде кешке сағат 21:10 шамасында рұқсат етілмеген аумақта суға шомылған.

«Қазір олардың мәйіті іздестіріліп жатыр. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман жұмылдырылды. Мамандар 5 техника мен 3 қайықты пайдалануда. Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің мамандары да келді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы