427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар – Семей тасжолында шағын автобус өртенді

  • 366
  • UPD: 10:33, 20.07.2020
Павлодар – Семей тасжолында шағын автобус өртенді

Павлодар ауданының Заря ауылы маңында автобус өртенді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

–  Өрт сағат 18:27-де тіркелді. Жанармай құю жүйесі істен шыққан. 10 шаршы метр аумақта «Peugeot-Boxer» жолаушылар көлігі толығымен жанып кетті, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенше бес адам эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінен бір техника мен 5 адам жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы