419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда 56 саяжай үйі өртенді

  • 354
  • UPD: 13:24, 20.07.2020

Павлодарда бір тәулікте 56 саяжай аумағы өртке оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Надежда» саяжайлар қоғамындағы бұл үйлердің 35-і иесіз болған. Қызыл жалын 8 гектарды жалмады. 28 өрт сөндіруші жарты сағат бойы тілсіз жаумен арпалысты. Бұған 6 техника жұмылдырылған. Абырой болғанда тұрғындар зардап шекпеген. Қазір мамандар өрттен келген шығын көлемін есептеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы