421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газ тасымалдайтын көліктің қатысуымен жол апаты болып, бір адам қаза тапты

  • 265
  • UPD: 15:16, 20.07.2020
Газ тасымалдайтын көліктің қатысуымен жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Алматы облысында газ тасымалдайтын көліктің қатысуымен болған жол апатынан полицейлер үш адамды құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 18 шілде сағат 20:05 шамасында Алматы – Өскемен автожолының 548 шақырымында «ЗИЛ-130» маркалы автокөліктің қатысуымен болды.

Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты.

Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан «ЗИЛ» маркалы автокөлікті басқарған 1982 жылғы ер адам тізгінге ие бола алмай жолда келе жатқан «Пежо-307» маркалы көлікпен соқтығысқаны анықталды. Патрульдік экипажда екі полиция қызметкері Максим Шевченко мен Руслан Меделханов болған. Инерция салдарынан газ тасымалдайтын көлік тағы екі көлікпен соқтығысқан. Алдымен қарсы бағытта келе жатқан «Мазда-626», одан соң «Рено» маркалы фурасымен соғылған. Содан кейін «ЗИЛ» жол жиегіне шығып, аударылып қалды. Бірнеше минуттан кейін газовоз жарылып, толықтай жанып кетті.

Өкінішке қарай, аталған жол-көлік оқиғасынан 1972 жылғы Ж. есімді «Мазда – 626» жүргізушісі ауыр дене жарақатымен оқиға орнында қаза тапты.

Жарылысқа бірнеше секунд қалғанда полиция қызметкерлері жарылыс пен оның зардаптарын алдын ала болжап, газ тасымалдайтын көлік жүргізушісін санаулы секунд ішінде қауіпті аймақтан сүйреп шығарып алған. Сонымен қатар полицейлер жол-көлік оқиғасының қалған қатысушыларын құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. «ЗИЛ» автокөлігінің жүргізушісі Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы