420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 25 жастағы жүргізуші жол апатынан көз жұмды

  • 424
  • UPD: 16:40, 20.07.2020
Ақтөбеде 25 жастағы жүргізуші жол апатынан көз жұмды

Ақтөбе қаласында жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.

20 шілде сағат 11:30-да «Volvo» маркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Нокин даңғылының Жүргенев көшесі жағынан Әкімжанов көшесіне қарай жолда қарсы бетке шығып кетіп, «Toyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиғасы салдарынан «Toyota Camry» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жедел медициналық жәрдем көлігінде көз жұмды. Сол көліктің 27 жастағы жолаушысы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы