426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жітіқарада бесінші қабаттан құлаған бала аман қалды

  • 580
  • UPD: 12:15, 21.07.2020
Жітіқарада бесінші қабаттан құлаған бала аман қалды

Қостанай облысы Жітіқара қаласында төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды.

«Төрт жасар бала үлкендердің қарауынсыз өз бөлмесінде ойнап жүріп, терезенің москитті торына сүйеніп құлап кеткен. Абырой болғанда ешқандай дене жарақатын алмаған. Қазір ол дәрігерлердің қарауымен жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Дәрігерлер баланың денсаулығын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Биыл Жітіқарада балалардың көп қабатты үйлердің терезесінен құлау оқиғасы екінші рет тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы