431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы «Асубұлақ» орман шаруашылығы өртеніп жатыр

  • 238
  • UPD: 16:14, 23.07.2020

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы «Асубұлақ» орман шаруашылығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таулы алқаптағы қылқан жапырақты орман кеше кешкісін тұтанған. Бүгінге дейін 10 гектар жер жанып кетті. Өртті сөндіруге жергілікті 4 орман шаруашылығынан 60-қа жуық маман мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт ошағы таулы беткейде болғандықтан, су тасуға МИ-8 тікұшағы да жеткізілді. Аймақта ала жаздай жауын болмағандықтан, қазір бүкіл дала құрғап тұр. Орманшылардың айтуынша, бұл жолы өрт найзағайдан тұтанған.

Владимир Санаров, «Қазавиа орман қорғау» РМК инспекторы:

– Желдің жылдамдығы секундына 9-дан 12 метрге жетеді. Ал күн райы 30 граусқа дейін күйіп тұр. Таудың жотасы болғандықтан, жер үрлеп жалын тез жайылып кетті. Біз тікұшақпен орманшыларды тез арада жеткізге тырыстық. Әлі толық сөнген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы