420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында көлік сиырды қағып кетті: жолаушы көз жұмды

  • 453
  • UPD: 17:47, 23.07.2020
Алматы облысында көлік сиырды қағып кетті: жолаушы көз жұмды

Алматы облысында көлікпен сиырды қағу дерегі тіркелді, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері 21 шілде күні сағат 22:27 шамасында «Мазда-626» маркалы автокөлігінің Алматы – Өскемен жолымен оңтүстік бағытта қозғалғанын және Қапшағай қаласынан бес шақырым жерде жануарды қағып кеткенін анықтады.

Оқиға салдарынан көлік жүргізуші мен жолаушысы зардап шекті. Екеуі де ауыр дене жарақаттарымен Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Алайда жолаушы алған дене жарақаттарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жол апаты дерегі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Оқиғасының себептері сотқа дейінгі тергеу барысында қосымша анықталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы