476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда жолаушылар ұшағы әуежайға бір сағаттай қона алмаған

  • 557
  • UPD: 23:02, 26.07.2020
Павлодарда жолаушылар ұшағы әуежайға бір сағаттай қона алмаған tengrinews.kz

Павлодарда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылар ұшағы бір сағаттай қаланың үстінде айналып ұшып жүруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарлықтар әлеуметтік желіде қаланың үстінде ұшып жүрген ұшақты қызу талқыға салып жатыр. Қала тұрғындарының басым бөлігі жолаушылар ұшағынан қорқып қалыпты.

«Ұшақтың төмен биіктікте ұшқаны соншалық, ол құлайды деп ойладық. Мен «апат бола ма» деп қорықтым», - деп жазды Instagram желісінің пайдаланушысы.

Кейін ұшақ Алматы-Павлодар бағытындағы FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі екені белгілі болды. Ондағы жолаушылар да қорыққандарын желіде ашық жазды.

Олар ұшақта тәжірибелі мамандар басқарғанын атап өтті.

Айта кетейік, жолаушылар ұшағы Павлодарға әуежайына қонғаннан кейін жарты сағаттан соң найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.

25-26 шілдеде Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай соғуы мүмкін әрі желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді.

Хабар 24 телеарнасы