476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанның барлық аймағында дәріні қымбатқа сату анықталды

  • 508
  • UPD: 10:20, 27.07.2020
Қазақстанның барлық аймағында дәріні қымбатқа сату анықталды

90 мың қорап дәрі, 36 мың қорғану құралы және 500 мың медициналық маска. Дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға қатысты рейд барысында осынша тауар анықталды.

Полиция қызметкерлері соңғы апталарда жаппай тексеріс жүргізіп, 500-ге жуық адамды ұстаған. Оның ішінде 284-і медицина саласының мамандары. Олар препараттарды арзан бағамен сатып алып, нарықтық бағадан қымбатқа саудалауды әдетке айналдырыпты. 21 күн ішінде осындай 604 жағдай анықталды.

Антсыз саудагерлер әлеуметтік желілерде хабарландыру береді, жеке сайттарға ақпарат салады, лицензиясыз жасырын дәріханалар ашады, сондай-ақ қолданыстағы дәріханалық пунктерде бағаны заңсыз көтереді екен.

Түркістан облысының Жетісай қаласында заңсыз дәріхана тура базар ішінде жұмыс істеген және препараттар бағасын 2-3 есе өсіріп сатқан. Ал Арыс ауданында дәріхананы лицензиясыз жеке үйде ашқан. 

Батыс Қазақстан облысында да медицина мекемесінің қызметкері өз үйінде дәрі-дәрмек сататын пункт ұйымдастырған. Ал елордада сұранысқа ие медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын көтерген 13 дәріхана белгілі болды. Осындай фактілер барлық өңірде анықталды. 

Хабар 24 телеарнасы