432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала қаза болды

  • 380
  • UPD: 10:36, 29.07.2020
Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала қаза болды

29 шілде күні сағат 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үй өртенді.

Үйде көп балалы отбасы, яғни 7 адам тұрған. Олар: 1979 және 1981 жылдары туған ата-анасы, 5 баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 жылғы қыз бала.​ Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

«Атбасар қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шықты. Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады», - делінген хабарламада.

Сағат 06:40-та өрт ауыздықталды, сағат 08:25-те сөндірілді. Үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізіліп, өрт орнынан үш баланың мәйіті табылды.

«Өртті сөндіруге ТЖД-нен 12 қызметкер мен 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдары мен тартылған ұйымдардан 3 адам және 3 техника жұмылдырылды.​ Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталуда, Көкшетау қаласынан өрт сынақ зертханасы жіберілді», - деп хабарлады ТЖК.

Хабар 24 телеарнасы