432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Пәтер» жедел шарасы өтті

  • 254
  • UPD: 11:27, 30.07.2020
Астанада «Пәтер» жедел шарасы өтті

«Пәтер» жедел алдын алу шарасы кезінде елордалық полициейлер 17 ұрлық дерегін анықтап, пәтер тонаумен айналысқан 3 бірдей қылмыстық топты қолға түсірді.

Ұрылар есіктің құлпын кілтті  үйлестіріп ашу және пластик терезелерді бұзып кіру тәсілдерін жиі қолданған. Операция барысында ұрлық әрекеті үшін бұрын да бірнеше мәрте істі болған 24 жастағы қала тұрғыны қылмыс жасау үстінде қолға түсті. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында әр қалада қылмыс жасауға машықтанған 24 ұры ұсталыпты.  

Арқалық қаласының полицейлері 5-қабаттан құлап кете жаздаған ер адамды құтқарды. 61 жастағы қала тұрғынының айтуынша, ол балконда тұрған кезінде кенет өзін жайсыз сезініп, құлап кете жаздаған. Бірақ сүйеніш белдеуінен ұстап қалып үлгіріпті. Пәтерде әйелі мен немересі болған, алайда олар көмектесе алмаған соң полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары құлап кетудің сәл ақ алдында болған ер адамды аман-есен құтқарып алды. 

Павлодар облысында мониторингтік топ өкілдері карантин талаптарын бұзудың 252 дерегін анықтады. Әкімшілік айыппұлдардың көбі дүкендер мен сауда үйлеріне салыныпты. Дәмхана мен мейрамханаларға да 60 шақты хаттама толтырылды. Сонымен қатар жанармай құю бекеттері мен тренажер залдары, техникалық қызмет көрсету станциялары да жиі тәртіп бұзады екен.

Жасқайрат Қайыров,  облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары:

– Мұндай келеңсіз жағдайларда 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны ескерткім келеді. Сонымен бірге қандай да бір шара өткізіп жатқан дәмхана, мейрамханадағы қонақтар тегіс таратылып, дәмхана иелеріне айыппұл төлеуге тура келеді. Ал көңіл көтеру орындары уақытша жабылады.

Хабар 24 телеарнасы