423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында «КАМАЗ» бен скутер соқтығысты

  • 318
  • UPD: 11:17, 30.07.2020
Ақтөбе облысында «КАМАЗ» бен скутер соқтығысты

28 шілде күні «Ақтөбе-Орск» жолында «КАМАЗ» көлігі мен скутер соқтығысты, деп хабарлады Polisia.kz.

Скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі алған жарақаттарынан Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 44 жол-көлік оқиғасы болған. 47 адам дене жарақатын алып, бір бала қаза тапты.

Полиция департаменті азаматтарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы