429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда газдың жарылуынан бір қабатты үй құлады

  • 244
  • UPD: 12:24, 30.07.2020
Алматыда газдың жарылуынан бір қабатты үй құлады

29 шілде күні сағат 19:12-де Алматыда Жетісу ауданы Волочаевская көшесіндегі жеке үйлердің бірінде газ жарылды.

Жарылыстан кейін үй құлады. Сонымен қатар көрші екі үйдің шатырына да ішінара зақым келген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары аясында үйден бір әйел адам табылды.

«Өрт сөндірушілер 49 жастағы әйелді үйінділер астынан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Денесін күйік шалған зардап шегуші 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнына 1 кинологиялық есеп, 8 құтқарушы, 109 құтқару қызметінің 2 техникасы, ТЖД-нен 17 өрт сөндіруші, 4 техника, сондай-ақ өзара әрекет ету қызметтері жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша 1970 жылы туған азаматша үйде жалғыз өзі тұрған. Жарылыстың себебі газ конфоркасының ашық қалуынан болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы