432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жұмыс істеп келген караоке-бар анықталды

  • 256
  • UPD: 20:22, 31.07.2020
Елордада жұмыс істеп келген караоке-бар анықталды

Елордада карантин режимін бұзу деректерін анықтау бойынша мобильдік топтар жұмысын жалғастырып жатыр.

Өткен түні сағат он екі жарымда жұмыс істеп тұрған караоке-бар анықталды. Нысан ішінде 38 адам болған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлық санитарлық талаптарды бұза отырып, түнгі уақытта жұмыс істеген тағы бір кафе анықталды. Ғимаратта 20-ға жуық адам карантин тәртібіне қарамастан көңіл көтеруді жалғастыра берген. Жалпы шілденің 5-інен бастап Нұр-Сұлтан қаласында осындай 579 тәртіп бұзушылық анықталған.

Хабар 24 телеарнасы