422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында алты жасар баланы көлік қақты

  • 297
Алматы облысында алты жасар баланы көлік қақты

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға Түрген ауылында болды. 25 жастағы азамат басқарып келе жатқан «Volkswagen Golf» маркалы көлігі Құлмамбетов көшесінен шығысқа қарай кетіп бара жатып, 6 жасар баланы қағып кетті. Бала арнайы белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан болатын» деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Түрлі дене жарақаттарын алған бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулық жағдайы қазір қалыпты және ол дене жарақаттары бөлімінде жатыр.

«Тексеру жұмыстары жүргізушінің спиртті ішімдік қабылдамағаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 345-баптың 2-бөлігі бойынша (Адам денсаулығына орташа деңгейде зақым келтірген жол ережесін бұзу) енгізілді. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деді тәртіп сақшылары.

Хабар 24 телеарнасы