428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудан 18 шақырым қашықтықтағы демалыс орнында өрт болды

  • 368
  • UPD: 17:42, 01.08.2020
Ақтаудан 18 шақырым қашықтықтағы демалыс орнында өрт болды

Жалын жалпы аумағы 350 шаршы метрлік болатын мейрамханадан шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қабатты ғимараттың 300 шаршы метрі өрт сөндірушілер келгенше жанып кетті. Ішінде тек жиһаздар мен тұрмыстық техникалардың болғаны айтылады. Тілсіз жаудың бетін қайтаруға тоғыз арнайы техника жұмылды. Өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Шығу себебі анықталып жатыр. Адамдар зардан шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы