418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ірі қойма өртенді

  • 171
  • UPD: 15:23, 02.08.2020
Шымкентте ірі қойма өртенді

Шымкент қаласында «Визит» ЖШС-ның аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖД сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«2 тамызда сағат 11:07-де Төлеби көшесі бойында орналасқан «Визит» ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Ақпаратқа сәйкес, алкогольсіз сусындарды сақтауға және өндіруге арналған жалпы көлемі 2430 ш.м. құрайтын қойманың шатыры өртенген. Қойманың қабырғалары сэндвич, шатыры темір тордың негізінде профнастил. Сағат 12:20-да аумағы 300 ш.м. құрайтын шатыр құлады. Өрттің жалпы көлемі 750 ш.м. Жалынды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы