423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

  • 291
  • UPD: 17:54, 03.08.2020
Павлодарда бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.

2 тамыз күні Павлодар қаласында сағат 09:50-де Баймолдин-Н.Назарбаев көшелерінің қиылысында «Лада Ларгус» және «Тойота-Камри» маркалы автокөліктер соқтығысты.

Одан әрі «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі қозғалысты жалғастырып, қоқыс контейнеріне соғылды, содан кейін «Ауди» және «Лада» автокөліктеріне соғылған. Одан кейін Совхозная 25/2 көшесіндегі үйдің қабырғасына соғылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. «Лада Ларгус» автокөлігінің үш жолаушысы дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді. Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы