426,94 518.00 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

  • 497
  • UPD: 18:27, 03.08.2020
Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Олжас Әбішевке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген елорда соты баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынғанын растады. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді.

Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.

Хабар 24 телеарнасы