429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мас күйдегі адам 6 жасар қызды алып кетпек болды

  • 287
  • UPD: 22:53, 03.08.2020
Оралда мас күйдегі адам 6 жасар қызды алып кетпек болды

Оралда ер адам мас күйінде 6 жасар қызды алып кетпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметінше, оқиға 2 тамыз күні Зачаган кентінде болды. Сағат шамамен 21:30-да Зачаган полиция бөліміне белгісіз ер адамның Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан 6 жасар қызды алып кетпек болғаны жөнінде хабар түскен. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған.

Қазіргі кезде қыздың анасының арызы Зачаган полиция бөлімінде тіркелді. Ер адам ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады. Күдікті орта дәрежелі мас күйінде болған.

Хабар 24 телеарнасы