424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық үш балуан жол апатынан қаза тапты

  • 329
  • UPD: 15:18, 04.08.2020
Қазақстандық үш балуан жол апатынан қаза тапты

Үш балуан жол апатына түсіп қаза тапты.

Қаралы хабарды Қазақстанның күрес федерациясы жеткізді.

«Бұл қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған. Еркiн күрес балуандары Жақсыбек Қарабалаев, Iлияс Жұмай, Жанбота Байбазар жол апатынан қайтыс болды.

Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес бала) еркін күрес балуаны жол апатына түсiп, Жақсыбек Қарабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Илияс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Ал Зауытбек Нұрдәулет пен Мұхаметқалиев Шыңғысхан өмiрi үшін күресiп жатыр. Алла тағала оларға шипа, күш-қуат берсін. Дұғада болайық. Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жандарыңыз жаннатта болсын!», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы