428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда екі өкпесі 90 процентке қабынған жүкті әйел босанды

  • 363
Петропавлда екі өкпесі 90 процентке қабынған жүкті әйел босанды

Петропавл дәрігерлері екі өкпесі 90 процентке қабынған жүкті әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас ана дүниеге ұл бала әкелді. Науқас коронавирустық инфекциясын жұқтырып, 23 күн бойы қолдан дем беру аппаратына қосылып жатқан. Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, қазір оның жағдайы жақсы. Әзірге нәресте оқшауланған. Жуық арада ол анасына беріліп, үйлеріне шығарылады.

Әсел Бимендина, қала тұрғыны:

– Дәрігерлерге мың алғыс айтамын. Толық емдеп шығарды. Мені ғана емес, ұлымды да аман алып қалды.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы