426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ер адам учаскелік полицияға оқ атты

  • 282
  • UPD: 16:09, 04.08.2020
Алматыда ер адам учаскелік полицияға оқ атты qazaqparat.kz

Алматыда есірткі қабылдаған ер адам полиция қызметкеріне оқ атты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық ПД хабарлауынша, 102 пультіне әйел адам хабарласып, күйеуі отбасылық дау-жанжалдан соң өз-өзіне қол салмақ болғанын айтқан.

Жергілікті учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов бірінші болып оқиға орнына барды. Үйдің ауласына жеткенде екінші қабатта оқ атылғаны естілген.

Полиция қызметкері оқтан жалтарып үлгерді.

«37 жастағы жігітті полицияның арнайы бөлім қызметшілері ұстады. Қолындағы қару өзінің атына тіркелген болып шықты. Белгілі болғандай, ол есірткі қабылдаған. Қазір күдікті Алмалы аудандық ПБ жеткізілді», - деді.

Хабар 24 телеарнасы