419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жүргізуші мен кондуктор жолаушыға жұдырық сілтеді

  • 426
  • UPD: 13:20, 05.08.2020

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апаты екі көшенің қиылысында болған. Қатты соққыдан түрлі дене жарақаттарын алған бір адам қаза тапты. Қайғылы жағдайдың анық-қанығы сараптамадан кейін белгілі болады. Кімнің кінәлі екенін сот шешеді. 

Өскеменде бірнеше дүкен тоналды. Ұрылар сауда нүктелеріне темір торды бұзып, терезе арқылы кіріп отырған. Олар ақшадан бөлек темекі, арақ-шарап өнімдерін қолды қылды. Шығын көлемі – 500 мың теңге. Жедел іздестіру кезінде 2 күдікті ұсталды. Тергеу барысында олардың көлік ұрлығына да қатысы бары анықталды. 

Семейлік құтқарушылар суға кеткендердің көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Мәселен, былтыр жазғы үш айда 8 адам батып кетсе, биыл 2 айдың өзінде 9 адам өзенде өмірімен қош айтысқан. Оның екеуі жасөспірім. Қазір құтқарушылар волонтерлармен бірігіп қала тұрғындары мен қонақтарына суға түсу ережелері туралы жадынама тарату шараларын көбейткен. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен бірігіп, арнайы рейд шаралары да өткізіліп тұрады. Оның қортындысы бойынша 51 хаттама толтырылып, ескертулер берілген. Тіптрі кейбіріне айыппұл да салынған. Енді мамандар қала дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарында да халыққа ескерту парақшаларын таратуды көздеп отыр. 

Димаш Асқаров, қалалық ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының офицері:

- Батып кеткендердің басым бөлігі ішімдікке тойып алып суға секіретіндер. Өз күштеріне сеніп, Ертісті жүзіп өтеміз деп бәс тігіп жатады. Бірақ өкінішке орай, мұндай әрекеттің көбі қайғылы жағдаймен аяқталады. 

Қарағандыда автобус жүргізушісі мен кондуктор жолаушымен жаға жыртысты. Ер адам оларға қауіпті жүргені үшін ескерту жасап, телефонына түсіріп алған. Қоғамдық көлік қызметкерлеріне бұл ұнамай қалса керек, екеуі бірдей жұдырық ала жөнелген. Осыған байланысты автопарк иесі қызу қанды жүргізуші мен кондукторды жұмыстан шығарып жіберді.    

Алматыда учаскелік инспекторды атқан адам ұсталды. Ол үйінде әйелімен ұрысып, өз–өзіне қол салмақ болған. Ашуға булыққан жігіт шақырту бойынша келген  полицейге  оқ жаудырды. Бірақ тимеген. Қазір күдікті ұсталып, тергеу амалдары басталды. Сараптама қорытындысы бойынша оның бойынан есірткі анықталды. Ал тәркіленген аңшы мылтығы өз атында болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы