429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды

  • 322
  • UPD: 14:49, 06.08.2020
Алматы облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін Алматы облысының Есік қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жарылыс болды.

Салдарынан бір адам ауруханаға түсті. Оның денесінің 90 проценті күйіп қалған. Бірінші дәрежелі күйік алған азамат ауыр халде.

Оқиға былай болды: 72 жастағы «Ленд Крузер Прадо» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жанармай құю бекетіндегі газ толтырылған цистернаға соғылған. Жарылыс содан пайда болды. Ал 30 жастағы оператор кеудесін жарақаттап алған. Жағдайы қалыпты болғандықтан, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны үйіне жіберген.

Бүгінгі жарылыстан екі автокөлік жанып, 700 шаршы метр жердің қураған шөбі өртеніп кетті.

Жанармай құю бекетінің жанында орналасқан ғимараттар бүлінген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы