426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында толассыз нөсер су тасқынына ұласты

  • 316
  • UPD: 14:58, 06.08.2020
Маңғыстау облысында толассыз нөсер су тасқынына ұласты

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына нөсер жауды, хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан Форт-Шевченко қаласы ішіндегі канал арнасынан асып кетті. Елді мекен таулы жерде тұрғандықтан, тасқын су 2 көшеге жайылып, 5 тұрғын үйдің ауласына кірген. Баспаналар дін аман. Зардап шеккендер мен мал шығыны жоқ. Кешелі бері құтқарушылар 20 арнайы техника мен 14 мотопомпаның көмегімен көшелердегі суды сорғызып жатыр. Жергілікті тұрғындар мұндай құбылыстың 8 жылдан кейін қайталанып тұрғанын айтады. Әкімдік өкілдері енді мұндай жағдай қайталанбас үшін қала іргесінде бірнеше бөгет салынатынын мәлімдеді.

Жансейіт Қайнарбаев, Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары:

- Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов пен аудан әкімінің тапсырмаларына сәйкес алдын алу шаралары тапсырылды. Осы қарғын судың таулы аймақта әр жерден кішігірім тіреуіштерді салып, мына судың жылдамдығын шектеуге байланысты. Платина дейміз ғой. Соны салып, санын көбейтіп, ағын сулардың күшін азайтамыз. Бұл туралы бізде нақты сызбаларымыз дайын. Осы жұмыстарымызды келесі аптадан бастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы