420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде зират өртенді

  • 199
  • UPD: 14:55, 06.08.2020
Семейде зират өртенді

Семей қаласында зиратта өрт шыққан, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 11:45 шамасында өрт сөндірушілерге Семей-Көкентай тасжолының 3 шақырымында өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалынды ауыздықтауға 3 автоцистерна мен жеке құрамнан 9 адам аттанды.

«Олар оқиға орнына келіп жеткенше зираттағы өрт 300 шаршы метр аумақтағы шөпке жайылған. Сондай-ақ тілсіз жаудың салдарынан 45 мола бүлінді. Өрт сағат 12:42-де толықтай сөндірілді», - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы