420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көлікте ұйықтаған полицейге тіл тигізген адам кешірім сұрады

  • 340
  • UPD: 19:48, 06.08.2020

Құқық қорғау саласының өкілін балағаттап, артынан кешірім сұраған жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға елордада болған сияқты. Видеоның авторын полицейдің қызметтік көлікте ұйықтағаны ашуландырыпты.

Ол сүйектен өтетін сөздерден бөлек құқық қорғаушыға жала да жапқан. Барынша сабыр сақтаған полицейдің әрекеті көпті тәнті еткендей. Пабликтердегі пікірлер соған дәлел. Ойланған болар, балағаттаушы да артынан кешірім сұрап, қайта видео түсірген. Бассыздыққа мастығы себеп болған көрінеді.  

- Выражался нецензурно, в отношении сотрудников ГАИ и всей системы. Сказал это сгоряча, в этом раскаиваюсь.  Был в состоянии  алкогольного опьянения.

Хабар 24 телеарнасы