424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада суға кеткен 11 жастағы ұл баланың денесі табылды

  • 213
  • UPD: 17:38, 06.08.2020
Қызылордада суға кеткен 11 жастағы ұл баланың денесі табылды

Қызылорда қаласында Сырдарияға батып кеткен 11 жастағы ұл баланың денесі табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 5 тамызда жергілікті уақытпен кешкі сағат 17:00 шамасында тіркелді. Облыс орталығы аумағынан өтетін дарияның сол жағалауына шомылған 2009 жылғы ұл бала суға кеткен.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде баланың денесі жағаға шығарылды. Оған департаменттің 7 қызметкері мен 3 техника қатысты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы