428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда есірткі сатқан адам ұстау барысында айғақ затты жұтып қоймақ болды

  • 198
  • UPD: 21:26, 06.08.2020

Нұр-Сұлтан қаласында есірткі сатқан 48 жастағы күдікті ұсталды. Әккілігі сонша, қолға түскен бойда ол айғақ зат есірткіні жұтып қоймақ болған.

Полиция бұл адамның бұған дейін де бірнеше рет істі болғанын айтады. Күдікті «Қарасора» республикалық жедел алдын алу шарасы барысында қолға түсті. Тәркіленген зат – героин. Оның көлемі он рет қолдануға жетеді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал күдікті абақтыға қамалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Елорда 44 келіден аса есірткі тәркіленген. 

Хабар 24 телеарнасы