426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жер үй өртеніп, үш кісі көз жұмды

  • 231
  • UPD: 13:27, 07.08.2020
Петропавлда жер үй өртеніп, үш кісі көз жұмды

Дереккөздері әкесі мен 5 және 9 жастағы екі ұлдың жанып кеткенін хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай қала іргесіндегі Жұмысшы кентінде болған. Өрт түнде отбасы шырт ұйқыда жатқанда басталып, баспана толық жанып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенде от шатырдан көрші үйге түскен. Оқиға орнында 6 өрт сөндіру техникасы мен 20 құтқарушы жұмыс істеді. Қазір осыған байланысты сараптама тағайындалып, себеп-салдары анықталып жатыр. Жалпы, жыл басынан бері өңірде өрттен 28 адам қайтыс болды.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығының м.а:

– Ішіне кіргенде енді балалардың денелері әкесі мен бір баланың денесі жерде жатқаны табылды. Мынау жатын бөлме дейміз ғой. Екінші бала кереуеттің үстінде жатқан. Өрттің себебін қазір айта алмаймыз.

 

Хабар 24 телеарнасы