424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңындағы Қоянды ауылында екі бала суға батып кетті

  • 205
  • UPD: 19:12, 07.08.2020
Елорда маңындағы Қоянды ауылында екі бала суға батып кетті

Ақмола облысында екі бала суға кетіп мерт болды.

Оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында елорда іргесіндегі Қоянды ауылының жанында болған. Куәгерлердің сөзінше, олар елді мекен жанындағы шағын табиғи су қоймасына барғанда, су бетінде бір баланың мәйітін байқаған. «Оның жасы мен аты-жөні қазір анықталып жатыр», – дейді мамандар. Ал 8 жастағы екінші баланың мәйітін құтқарушылар 2 жарым сағаттан соң тапқан. Екеуі де Қоянды ауылында тұрған.

Жалпы, биылғы шомылу маусымы басталғалы бері Ақмола облысында 20 адам суға кетті. Ал олардың алтауы – кәмелетке толмағандар. Оқыс оқиғалардың көбі осы Целиноград ауданында тіркеліп отыр.

Қанат Доспаев, облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

– Аталған су қоймасы – шомылуға арналмаған, көктемгі ағын су жиналатын жер. Бүгін аудандық полиция бөлімі аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, жағдайды толық тергейтін болады. Су қоймасы кімге тиесілі екені, ата-аналары балалардың онда барғанын білді ме, осының бәрі тергеу барысында анықталады.

Хабар 24 телеарнасы