427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында ірі көлемдегі есірткі заты тәркіленді

  • 312
  • UPD: 18:42, 07.08.2020
Ақтөбе облысында ірі көлемдегі есірткі заты тәркіленді

Ақтөбе облысында есірткі тасымалдаған 40 жастағы азамат ұсталды, хабарлайды «Хабар 24».

Ол елдің оңтүстік өңірінен алып келе жатқан ірі көлемдегі көкнарды аймақ аумағында сатпақшы болған. Бірақ ойы іске аспай, «Самара-Шымкент» тас жолының бойында қолға түсті. Оның басқаруындағы көлікті тексерген полицейлер өсімдік тектес 5 келі есірткі затын тәркіледі. Күдікті «Қарасора-2020» алдын алу шарасы барысында ұсталды. Ол бұған дейін де істі болып, жазасын өтепті. Қазір қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал, қасында болған екі жолаушыға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Жалпы жыл басынан бері ақтөбелік полиция қызметкерлері 112 келі есірткі затын тәркіледі. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Нұрлан Таушанбаев, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 75 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 2 фактісі притон, 4 заңсыз сату фактісі, 2 сақтау және де 61 қылмыстық теріс қылық анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы