426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда мемлекет қаржысын жымқырған мердігер қамауға алынды

  • 502
  • UPD: 21:40, 07.08.2020
Қарағандыда мемлекет қаржысын жымқырған мердігер қамауға алынды

Қарағандыда мемлекет қаржысын жымқырған мердігер компанияның директоры қамауға алынды, хабарлайды «Хабар 24».

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан мына көп қабатты үй 2018 жылы ел игілігіне берілуі тиіс еді. Алайда, қоныстой болған жоқ, кезегін күткен жүздеген адам сан соғып қалды. Құрылыс компаниясының басшысы 107 миллион теңгені қолды қылған. Оның үстіне жалған құжат жасапты. Тендерді жеңбей тұрып, бюджеттен қомақты аванс алып отырған. Қазір бұл істі облыс прокуратурасы тексеріп жатыр.

Нұрсұлтан Қалдырбай, облыстық прокуратурасының ресми өкілі:

- «ДСТ Казахстан» ЖШС-нің директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Кәсіпорын басшысы 2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен Қарағанды қаласында көп пәтерлі тұрғын үй салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктеніп отыр. Бүгінгі күні соттың санкциясымен ол екі айға қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы