432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көбейтұздан балшық ұрламақ болғандар жауапқа тартылды

  • 373
  • UPD: 11:51, 08.08.2020
Көбейтұздан балшық ұрламақ болғандар жауапқа тартылды

Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлінің балшығын алып кетпек болған елордалықтар әкімшілік кодекстің бірден үш бабы бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Ведомстводан атап өткендей, Нұр-Cұлтан қаласының екі тұрғыны, ерлі-зайыптылар тыйым салынғанына қарамастан дала жолымен блокпостты айналып өтіп Көбейтұз көліне барған. Олар көлге барып қоймай, көлдің балшығын алып кетпек болған. Ерейментау аудандық полиция қызметкерлері астаналықтардың әкімшілік кодекс бойынша бірнеше заң бұзушылық жасағанын анықтады.

«Осыған байланысты 58 жастағы ер адам мен оның әйелінің үстінен ҚР ӘҚбК 364-бабы (ортақ суды пайдалану ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен бірге карантин талабын бұзғандары үшін ҚР ӘҚбК 425-бабы (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша және ҚР ӘҚбК 139 бабы (жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) бойынша іс материалдары жиналып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, облыстық экология департаментіне жолданды», - дейді ведомстводан.

Осы ретте тәртіп сақшылары карантин режимін бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді, сондай-ақ табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы