428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаскелеңдегі көп қабатты үйден шыққан өрттен 5 адам ауруханаға түсті

  • 214
  • UPD: 12:13, 09.08.2020
Қаскелеңдегі көп қабатты үйден шыққан өрттен 5 адам ауруханаға түсті фото: Алматы облыстық ТЖД

Қаскелеңдегі көп қабатты үйден шыққан өрттен кейін 5 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт өткен түнде Алматы облысының Қарасай ауданында болған. Сағат 00:24-те Қаскелеңдегі 9 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Жатын бөлмедегі үй заттары мен жиһаздар жанып жатқан.

Шақырту орнына Қаскелең және жақын аудандардан, соның ішінде Алматыдағы өрт сөндіру бөлімінен күштер мен құралдар жіберілді.

«Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына келгеннен кейін өрттің тез таралуына жоғары жанғыш жүктеме ықпал еткені, баспалдақтың қатты түтіндегені, жоғарғы қабаттардан эвакуациялау жолдары жабылғаны анықталды. Өртсөндірушілердің жедел, кәсіби және үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт сөндіру барысында 25 адам құтқарылды, тағы 300-ге жуық адам өздігінен және өрт сөндірушілердің көмегімен эвакуацияланды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Тілсіз жау сағат 01:07-де 15 шаршы метр алаңды шарпып, жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт салдарынан 5 адам зардап шекті. 1969 жылы туған пәтер иесін, оның 1994 жылғы ұлын және 2009 жылғы туысын күйік шалды. Тағы 1984 және 2010 жылы туған екі көрші жанған заттардан уланды, олардың барлығы Қарасай аудандық ОАА мен Алматы стационарларына жатқызылды.

Отты сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 33 қызметкері мен 7 техникасы жұмылды.

Хабар 24 телеарнасы