429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада каналға батқан жігіттің мәйітін 14 құтқарушы іздеп жатыр

  • 277
  • UPD: 20:40, 09.08.2020
Қызылордада каналға батқан жігіттің мәйітін 14 құтқарушы іздеп жатыр

Қызылордада Шіркейлі каналына суға батып кеткен жігіттің мәйітін іздеуге 14 құтқарушы тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін елорда уақытымен 05:55-те Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісіне хабар келіп түскен. Онда Қызылорда қаласындағы автокөлік көпірінің маңындағы Шіркейлі каналына 28 жастағы азаматтың суға кеткені айтылған. Мәлім болғаны, ол каналға жуынуға барған сәтте құлап кеткен.

«Оқиға орнына мамандар 3 техника және 2 қайық жетті. Қазір суда іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы