431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лисаков қаласында пәтер өртенді: 10 адам эвакуацияланды

  • 226
  • UPD: 16:00, 10.08.2020
Лисаков қаласында пәтер өртенді: 10 адам эвакуацияланды

Қостанай облысында пәтер өртеніп, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлады Polisia.kz.

9 тамызда Лисаков қаласы 3-МӨСБ пультіне 6 шағын ауданда пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шақырту орнына келген кезде ас үйді тілсіз жау шарпыған, өрт алаңы төрт шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер 1950 жылы туған пәтер иесін құтқарды.

Үйдің кіреберісінен 10 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Тілсіз жау сағат 16:13-те ауыздықталды және сағат 16:23-те жойылды. Себеп пен залал анықталуда. ТЖД құрамында жеке құрамнан алты адам және бір техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы