424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Көкшетау» мәдениет сарайынан өрт шықты

  • 290
  • UPD: 12:36, 11.08.2020
«Көкшетау» мәдениет сарайынан өрт шықты

Көкшетауда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан «Көкшетау» мәдениет сарайынан өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 11:55-те Ақан сері көшесінің бойындағы 3 қабатты «Көкшетау» мәдениет сарайының шатырынан өрт шыққандығы туралы ақпарат түсті. Сол кезде ғимаратта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатқан. Құтқарушылар 25 адамды эвакуациялады. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 30 маман және 7 өрт сөндіру техникасы, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорынының бір жұмысшысы мен бір техникасы тартылды. Өрт 11:33-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

Хабар 24 телеарнасы