429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды

  • 322
  • UPD: 16:22, 12.08.2020
СҚО-да жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам көз жұмған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлады Polisia.kz.

11 тамыз күні сағат 15:20-да Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңындағы Челябі – Новосібір жолында «Toyota Camry» көлігін басқарған Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны қарсы бағытқа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны басқарған «КамАЗ» автокөлігімен бетпе-бет соғылған.

Жол апаты салдарынан «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі және 1957 жылғы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. «КамАЗ» жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша енгізілді. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалып, жүргізілуде. Биыл жеті айда СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы