430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тыйым салынған діни мазмұндағы аудиожазбаны сақтаған атыраулық жауапқа тартылды

  • 400
  • UPD: 22:34, 12.08.2020
Тыйым салынған діни мазмұндағы аудиожазбаны сақтаған атыраулық жауапқа тартылды

Көлік полицейлері тыйым салынған аудиожазбаны сақтаған «ВКонтакте» парақшасының иесін жауапқа тартты.

Көліктегі полиция департаментінің Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Атырау облысының 25 жастағы А. есімді тұрғынынан «әлеуметтік желіде тыйым салынған діни мазмұндағы аудиожазбаны сақтау» фактісін анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

«Дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудио жазбалардың Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды», - дейді С.Жоланов.

«Атырау қаласының мамандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде 55560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды» деп атап өтті полиция полковнигі.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы