428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан – Петропавл жолында көлік маралды қағып кетті

  • 305
  • UPD: 17:35, 14.08.2020
Нұр-Сұлтан – Петропавл жолында көлік маралды қағып кетті

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында «Skoda Superb» автокөлігі жол үстіне кенеттен шыға келген маралды соғып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы тамыздың 14-іне қараған түні 00:10 шамасында Бескөл кенті маңындағы Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолының 44 шақырымында болған. 40 жастағы жүргізуші зардап шеккен жоқ. Көлікке зақым келіп, оны эвакуациялау үшін арнайы техника шақыртылды. Ал жануар оқиға орнында жан тапсырды.

– Жүргізушілерге, әсіресе, түнгі уақытта жолда қырағылық танытып, жылдамдық сақтау қажеттігін ескертеміз. Көліктің жарығынан жануарлар сасқалақтап қалады. Әсіресе, орман маңындағы жолдарда абай болу керек. Мысалы, СҚО-да Тоқшын, Асаново, Полудино ауылдарының маңындағы Челябі – Новосібір, Чириковка аулының жанындағы Петропавл – Жезқазған жолдарында сақ болған жөн,  – дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мадиев.

Биыл СҚО-да жабайы жануарларды соғып кетумен байланысты екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Екі жағдайда да жолда келе жатқан көліктердің алдынан еліктер шыға келген.

Хабар 24 телеарнасы