422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жыл басынан бері 300-ден астам өрт тіркелген

  • 281
  • UPD: 15:32, 15.08.2020
Елордада жыл басынан бері 300-ден астам өрт тіркелген

Жыл басынан бері елордада 300-ден астам өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның тең жартысы тұрғын үйлерде болған. 12 адам тілсіз жаудың құрбанына айналған. Қалалық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жекеменшік секторындағы жер үйлерді аралап, жылыту маусымына дайындығын пысықтады. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұратын үйлердегі пештерді тексеріп, өрт дабылын орнатты. Шара жылыту маусымы аяқталғанша жүргізіледі. Былтыр осындай рейд кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 18 мың дерегі тіркелген еді.

Бауыржан Сыздықов қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Былтыр 12 адам өрттен қайтыс болды. Солардың 5-еуі өздері ішкілік ішіп, сондай жағдайға душар болып отыр. Өрт қауіпсіздігінің қалай бұзылады десек, жылыту пештерін дұрыс қолданбау, екіншіден, масаң адамдардың қауіпсіздікті сақтамау, үшіншіден, электр сымдарын дұрыс пайдаланбау.

Хабар 24 телеарнасы