423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақфильмде» бірқатар фильмнің реквизиттері күлге айналған

  • 222
  • UPD: 19:38, 15.08.2020

«Қазақфильм» киностудиясында болған өрт кезінде бірқатар кинотуындының реквизиттері жанып кетті.

Бұл туралы төтенше жағдай қызметінің өкілдері хабарлады. От екі жерден шыққан. Алғашқыда 400, сонан соң 200 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде бірқатар қиындыққа тап болған. Өйткені киностудия аумағына кірер жол тар. Сөйтіп, өрт сөндіру көліктері сәл де болса кідірген. Оның үстіне су гидранттарындағы қысым да төмен болған. 

Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі:

- Бүгінгі таңда арнайы сараптама тағайындалды. Полиция департаментінің жедел тобы өрт зертханасымен зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Материалдар жинақталып, полиция департаментіне жіберілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы