424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда қылмыскерлерден 4 тапанша мен 133 патрон тәркіленді

  • 623
  • UPD: 10:35, 17.08.2020
Қарағандыда қылмыскерлерден 4 тапанша мен 133 патрон тәркіленді

Қарағанды қаласында қылмыскерлерден 4 тапанша мен 133 патрон тәркіленді, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жалған шот-фактуралар беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асыратын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында қару мен оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау фактілерін анықтады.

4 тапанша мен 133 патрон оқ-дәрі тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287 бабының 2 б. сәйкес (қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы