426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйда тұрғын үйден екі адамның мүрдесі табылды

  • 261
  • UPD: 16:11, 18.08.2020
Рудныйда тұрғын үйден екі адамның мүрдесі табылды

Рудный қаласында екі адамды өлтіріп кету ісіне қатысты арнайы жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

Әзірге қылмыскерді табу мүмкін болмады, деп хабарлады zakon.kz.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 18 тамызда сағат 11:48-де Рудный қаласының учаскелік полиция инспекторы «102» пультінде келіп түскен хабарламаны тексеру кезінде жеке үйден 53 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйел адамның мүрдесін тапты. Оқиға орнына сараптама жүргізу нәтижесінде өлімнің зорлық-зомбылықпен жасалғандығы анықталды.

«Аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашумен айналысатын арнайы тергеу тобы құрылды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - деді облыстық ПД басшысының м.а. Негмет Ысмағұлов.

Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

Хабар 24 телеарнасы